Ұлттық банктің 23 шілдедегі ресми бағамы 467,65 теңге деңгейінде белгіленді.
Астана айырбастау пункттерінде долларды 466 теңгеден сатып алады, 473 теңгеден сатады. Еуро 530 және 540 теңге аралығында саудаланады. Рубльді 5,5 теңгеге сатып алуға және 6 теңгеге сатуға болады.
Алматыда доллардың орташа сатып алу бағасы — 467,9 теңге, сату — 470,16 теңге. Еуро 532,84–538,21 теңге аралығында ұсынылады, рубль — 5,62–5,77 теңге.
Шымкентте долларды орташа есеппен 467,82 теңгеден сатып алады, 469,5 теңгеден сатады. Еуро 532,4–537,32 теңге шегінде, рубль — 5,66–5,73 теңге.
Бір күн бұрын, 22 шілдеде, сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 467,65 теңгені құрап, 1,57 теңгеге төмендеді.