Кешен 50 МВт күн генерациясын, 120 МВт газ генерациясын және 77 МВт жел генерациясын біріктіреді. Күн бөлігі 2025 жылдың қыркүйегінде пайдалануға берілді және жұмыс басталғаннан бері шамамен 62 млн кВт·сағ өндірді.
Газ станциясында алты Wartsila газ поршеньді агрегаттары орнатылды және 110 кВ қосалқы станциясы салынды. Іске қосу-реттеу жұмыстары жалғасуда, құрылысқа мыңнан астам адам тартылған. Станцияны қабылдауды ағымдағы жылдың үшінші тоқсанында аяқтау жоспарлануда.
Қатарлас жел электр станциясының құрылысы жүріп жатыр. Бүкіл кешен іске қосылғаннан кейін гибридті станция аймақтағы «ҚазМұнайГаз» еншілес кәсіпорындарының тұрақты энергиямен қамтамасыз етілуін қамтамасыз етеді және 70-ке дейін жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді.
2021 жылы «ҚазМұнайГаз» және итальяндық Eni компаниясы баламалы энергетика дамыту туралы меморандумдарға қол қойды.