Ресей Қазақстан экономикасына ірі инвесторлардың үштік қатарына кіреді. 2025 жылдың қорытындысы бойынша ресейлік тікелей инвестициялардың көлемі 2,9 млрд долларға жетті. 2005 жылдан бастап мұндай салымдардың жалпы көлемі шамамен 29 млрд долларды құрады.
Өнеркәсіптік кооперация портфелі 52,7 млрд долларлық жалпы құны бар 177 бірлескен жобаны қамтиды. Бұл жобалар шамамен 60 мың жұмыс орнын құруы тиіс. Олардың ішінен 22,4 млрд долларға 122 жоба іске асырылды.
Форумда инвесторларды қолдау шаралары, соның ішінде арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың мүмкіндіктері, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде кооперациялық жобаларды қаржыландыру механизмі талқыланды.