Бастапқыда кепілдік азаматтардың инвестициялық саясатқа өз бетінше әсер ете алмауына байланысты пайда болды. Мемлекеттің өзі стратегияны анықтап, салымшылардың құқықтарын шектеді, сондықтан нақты кірістілік пен инфляция арасындағы айырмашылықты өтеу міндетін өз мойнына алды.
Енді салымшылар басқарушы компанияны және инвестициялық стратегияны өз бетінше таңдау құқығына ие болды. Бұл жағдайда кепілдіктің бұрынғы логикасы мәнін жоғалтады.
Адамның өзі кірістілік пен тәуекелдерді бағалай отырып, инвестициялық шешім қабылдаған кезде, шығындарды өтеуді мемлекетке жүктеу бюджет қаражатын әділетсіз бөлу болар еді.
Кепілдік төлемі бір реттік сипатқа ие және болашақтағы тұрақты зейнетақы төлемдерінің мөлшеріне әсер етпейді. Сондықтан оның сақталуы лайықты зейнетақыны қамтамасыз етудің негізгі факторы болып табылмайды.
Сонымен қатар, мемлекет жинақтардың сақталуын бақылаудан бас тартпайды. Зейнетақы активтері жүйесі көп деңгейлі мемлекеттік қадағалаумен жұмысын жалғастыруда.