Әуекомпания 1 тамыздан бастап Астанаға тұрақты жүк рейстерін іске қосуды жоспарлап отыр. Аптасына Boeing-747 ұшақтарымен бес рейске дейін орындалады.
2027 жылдың қаңтарынан бастап Cathay Гонконг — Алматы бағыты бойынша жолаушы рейстерін іске қосуды жоспарлап отыр. Ұшулар аптасына үш рет Airbus-330 ұшақтарымен орындалады.
Салтанат Томпиева қазақстандық тараптың жобаларды іске асыруға жәрдемдесуге дайын екенін растады. Тараптар рейстерді іске қосуға дайындық және әуе қатынасын дамыту бойынша бірлескен жұмысты жалғастыруға келісті.
Cathay — Гонконгтың ұлттық әуекомпаниясы. Еншілес компанияларымен бірге ол шамамен 237 әуе кемесін пайдаланады және 100-ден астам бағытқа жолаушы рейстерін орындайды. Cathay Cargo жүк бөлімшесі 41 бағытқа қызмет көрсетеді және жыл сайын 1,67 млн тоннадан астам жүк тасымалдайды.