Жаңалықтар

Астана маңында үш көлік соқтығысқан жерде бес адам қаза тапты

21 маусымда «Астана — Қорғалжын» трассасында Kia, Toyota Fortuner және Toyota Land Cruiser көліктері соқтығысты.

22 маусым 2026 · 05:29·Оқу: 1 мин

Астана маңында үш көлік соқтығысқан жерде бес адам қаза тапты
Фото: TR Kazakhstan редакциясы
TR Kazakhstan редакциясыТілші·22 маусым 2026

Апат нәтижесінде Toyota маркалы екі көлік өртенді. Полицияның алдын ала мәліметтері бойынша, оқиға орнында бес адам қаза тапты.

Тағы бесеуі жарақат алып, ауруханаларға жеткізілді. Кейін оларды Астанаға ауыстырды.

Ақмола облысының полициясы сотқа дейінгі тергеуді бастап, оқиғаның барлық мән-жайын анықтауда.

Пікірлер