Ең үлкен тізім «Әділет» партиясында — 186 адам. Одан кейін Respublica 75 кандидатпен, Қазақстан халық партиясы — 72, «Ауыл» — 69, «Ақ жол» — 63, «Байтақ» — 47 және ОСДП — 33.
Тізімдерде депутаттар, кәсіпкерлер, қоғам қайраткерлері, спортшылар, журналистер, экологтар, дәрігерлер, мұғалімдер, инженерлер, заңгерлер, сондай-ақ білім, ғылым, медицина, мәдениет, IT және мемлекеттік басқару салаларының мамандары ұсынылған.
Барлық тізімдерде әйелдер, жастар және мүгедектігі бар адамдар үшін 30 пайыздық квота сақталған. Ең жоғары көрсеткіш Respublica-да — 50,7% (38 адам).
Барлығы Құрылтайдағы 145 орынға 545 кандидат тіркелген. Бәсеке бір мандатқа шамамен 3,8 адамды құрады.
Сайлауалды үгіт 23 шілдеде сағат 18:01-де басталып, 22 тамызға дейін жалғасады. Дауыс беру 2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған.