Сапар барысында қазақстандық делегация Тәжікстанның Акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми-зерттеу институтына, Бохтар перинаталдық орталығына, «Истиклол» денсаулық кешеніне, «Шифобахш» ұлттық медициналық орталығына және Тәжікстанның медико-әлеуметтік институтына барды.
Дәрігерлер жаңа туған нәрестелер патологиясы, реанимация, қабылдау және балалар бөлімшелерінің айналымын өткізді. Олар күрделі клиникалық жағдайларды талқылады, кеңестер берді және дәрігерлер мен орта буын медицина қызметкерлеріне шеберлік сабақтарын өткізді.
Сабақтарда акушерлік-гинекологиялық көмекті ұйымдастыру, жаңа туған нәрестелерді күту, балаларға шұғыл және реанимациялық көмек, амбулаториялық педиатрия, неонаталдық хирургия және медициналық генетика қарастырылды. Ана мен нәресте өлімін азайтудың заманауи әдістеріне ерекше назар аударылды.
Сапар нәтижесінде тараптар ынтымақтастықты жалғастыруға келісті. Жоспарларда — клиникалық хаттамаларды жетілдіру, баланың ерте даму бағдарламаларын дамыту, кадрларды нығайту және әйелдер мен балаларға көмек көрсетудің жаңа стандарттарын енгізу.
ЮНИСЕФ деректері бойынша, Қазақстанда аймақтағы неонаталдық өлім-жітімнің ең төменгі деңгейі тіркелген — 100 мың жаңа туған нәрестеге шаққанда 3,9.