Алматыдағы бокс кешінің басты оқиғасы WBA Asia чемпионы Али Ахмедов пен WBO Africa чемпионы Асемахле Веллем (11-2-1, 6 КО) арасындағы жекпе-жек болады.
Ахмедов соңғы жекпе-жегін желтоқсанда өткізіп, Гана боксшысы Делали Миледзиді (30-3-1, 23 КО) судьялардың бірауыздан шешімімен жеңді. Веллем мамырда Гананың тағы бір боксшысы Принс Око Нартиді (13-5, 12 КО) нокаутпен жеңді.
Бұған дейін Қазақстан бокс құрамасының бапкерлік штабы Гуйяндағы Әлем кубогы кезеңіне команда құрамын бекітті.