Спорт

Шевченко Братислава челленджерінің финалына шықты

Қазақстандық теннисші Александр Шевченко Братиславадағы турнирдің жартылай финалында жеңіске жетіп, финалға шықты.

13 маусым 2026 · 18:00·Оқу: 1 мин

Шевченко Братислава челленджерінің финалына шықты
Фото: TR Kazakhstan редакциясы
TR Kazakhstan редакциясыТілші·13 маусым 2026

ATP рейтингі бойынша 97-орында тұрған №1 сеяный Шевченко жартылай финалда украиналық Виталий Сачкомен (215-орын) кездесті. Матч қазақстандықтың пайдасына 6:4, 6:3 есебімен аяқталды.

Ойын бір сағат 37 минутқа созылды. Осы уақыт ішінде Шевченко бес эйс орындап, он төрттен төрт брейк-пойнтты іске асырды.

Финалда Шевченко итальяндық Федерико Чина — жапондық Дэниель Таро жұбының жеңімпазымен ойнайды.

Бұған дейін Александр Бублик Штутгарттағы ATP 250 турнирінің жартылай финалынан шығып қалған.

Пікірлер